Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың мәселесі талқыланды
Елімізде ерекше қажеттілігі балалардың саны артып келеді. Осылай деген Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ұрықты қорғау орталықтарын ашуды ұсынды. Ерте скрининг жүйесін жетілдіру мен неонаталдық хирургияны дамыту туралы бастама көтерді. Осылайша Сенатта өткен Инклюзия жөніндегі кеңес отырысында мүгедектігі бар азаматтарға медициналық және санаториялық-курорттық емнің қолжетімділігі талқыланды. Сенаторлар мен сарапшылар ерекше қажеттілігі бар жандардың сапалы емге қол жеткізудегі кедергілерін, диагностика мен профилактикаға қолжетімділік мәселелерін көтерді. Тараптар осы саладағы инклюзивті саясатты жалғастыруға уағдаласты.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы:
Тағы бір маңызды мәселе – санаториялық-курорттық емге қол жеткізу. Бұл жерде ғимараттар мен қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтың көмекшісіне арналған қызметтердің құны да ескерілуі тиіс. Сондай-ақ санаториялық-курорттық қызметтердің жалпы тиімділігі мен әртүрлі мүгедектік санаттары үшін жеке тиімділігіне қатысты сұрақтар да жиі көтеріледі.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23