Алматы облысында балабақша бүлдіршіндері шатырға шығып кеткен
Алматы облысы Қарасай ауданында балабақша тәрбиеленушілері терезеден шығып, ғимараттың шатырына шыққан. Бүлдіршіндер нысанның үшінші қабатындағы терезеден еш кедергісіз сыртқа өтіп, шатырда әрі-бері жүрген. Абырой болғанда балалар дін аман. Болған жайтқа байланысты балаларға салғырт қараған тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан босатылды. Терезелерге арнайы қорғаныс торлары орнатылды.
Меруерт Морякова, облыстық ПД ресми өкілі:
Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін мектепке дейінгі мекеме меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде, материалдар уәкілетті органдарға жолданды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17