Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін

Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін

Тәуелсіздік алған жылдары қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін. Қазір Мәжіліс депутаттары Полиция қызметіне қатысты бірқатар заңға өзгерістер енгізіп жатыр. Әріптесім Самал Қабышева Парламенттен тікелей байланысқа шығып, ақпарат беруге дайын. Самал, сонымен өтемақы қалай беріледі? Заңға тағы қандай өзгерістер енгізілмек?

Самал Қабышева, тілші:

Егер заң қабылданса, өтемақы ай сайын беріледі. Яғни, 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2022 жылға дейінгі аралықта қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасы мүшелері осы көмекті ала алады. Балаларына 23 жасқа дейін өтемақы төленеді. Не себепті 2022 жылға дейінгілерге ғана бұл мүмкіндік қарастырылған деген сауал туындайды. Себебі 2022 жылдан кейінгі аралықта қаза тапқан полицейлердің отбасына өтемақы ай сайын беріліп келеді. Ал оған дейінгілер бұл тізімге енбей қалған. Осы қаза тапқан полицейлердің отбасылары депутаттарға өз өтініш-тілектерін жеткізген. Нәтижесінде заңға өзгерістер енігізіліп жатыр. Заң күшіне енсе, Тәуелсіздік алған жылдары қаза тапқан 530 полицейдің отбасына өтемақы төленеді. Олар үшін қазынадан 1 млрд теңгеге жуық қосымша қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, заңда жергілікті полиция қызметі ұғымы алынып тасталуы мүмкін. Әкімшілік жазаны өтеушілерді «орналастыру мәселелері» де қарастыралады. Олар қайда орнастырылмақ? Қарасораны өндірістік мақсатта пайдалануға рұқсат беру мәселесі де қарастырылады. Одан қандай өнім өндірілмек? Алдағы шығарылымда айтамыз.

Самал Қабышева

Бөлісу