Президент экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті. Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды. Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін айтып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу екенін атап өтті. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы халық алдындағы негізгі әлеуметтік міндеттемелердің бәрін орындауға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз, деді. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу