Батыс Қазақстан облысында сессияға дайындық пысықталды
Қазақ елін мекен еткен этностарды ұйыстырып, ел бірлігін сақтау жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор. Оралда Ассамблеяның 30 жылдығына орай өткен кеңейтілген кеңесте осындай ой айтылды. Басқосуда этносаралық қатынасты дамыту, бірлік пен келісімді нығайту жолында қол жеткізген жетістіктер сөз болды. Алда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-ші сессиясының шешімдерін орындау мақсатында облыста арнайы 13 жоба іске асып жатыр. Мәселен, облыстық мәслихат жанынан «Ынтымақ» депутаттар тобы құрылып, қайырымдылық акциялар қолға алынған.
Нұрғали Жолдасқалиев, облыстық Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы:
Биыл делегация 41 адамды құрайды. Оның 31-і - облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болса, 10 адам шақырылған қонақтар. Бүгін, міне, кеңейтілген кеңесте осы сессияға дейінгі мәселелерді талқылап, қабылдадық. Жалпы 30 жылдық аясындағы шараларымыз жалғаса беретін болады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17