Қостанайда оқушы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда оқушы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан

15.04.2025

Қостанайда 10 сәуір күні сауда үйінде бомба бар деп елді дүрліктірген мектеп оқушысы болып шықты. Сол күні оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет өкілдері, ғимаратты толық тексеріп, ешқандай қауіптің жоқтығына көз жеткізген. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімді көп ұзамай тапқан. Ол істеген ісін мойындап, бұған дейін де ақпан айында мектепте жарылғыш зат бар деп алдағанын растады. Заң бойынша мұндай қылмыс түріне 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сәбит Ибраемов, Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарламаға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс болып саналады және заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Бұл талаптар кәмелетке толмағандарға да толықтай қатысты.

Мәдина Нағашыбай 


Хабарламаларға жазылу