Бас прокуратура Динара Смаиловаға қатысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура Динара Смаиловаға қатысты мәлімдеме жасады

15.04.2025

Интерпол «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрінің Черногорияда жүргенін анықтады. Бас прокуратура оны бізге беру туралы сауал жолдаған. Қазіргі таңда Қазақстан мен Черногория арасында адамдарды беру туралы халықаралық келісім жоқ, сол себепті Динара Смаилованы экстрадициялау мүмкін болмай отыр. Соттың қабылдаған шешіміне қарамастан Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары оны қылмыстық жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.

Черногория Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан. Бас прокуратура мұның себебін түсіндірді. Черногориядан табылғанын мәлімдеді. Оның үстінен 6 қылмыстық іс қозғалған. Дина Таңсәрі есімімен танылған қазақстандық алаяқтық, жеке өмірге қол сұғу және жалған ақпарат тарату баптары бойынша күдікке ілінді. Бірақ Черногория үкіметі Смаилованы қайтарудан бас тартқан. Өйткені екі ел арасында қылмыскерді қайтару туралы халықаралық келісім жоқ.

Десе де, «оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жалғасын табады», - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу