Биыл 125 темір жол вокзалы жаңартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 125 темір жол вокзалы жаңартылады

15.04.2025

Еліміздегі темір жол воказлдарының көбі өткен ғасырда салынған. Сондықтан биыл 125 вокзал жаңартылады. Жалпы темір жол саласын жаңғыртудағы инфрақұрылымдық жоба ірі шаһарлармен қатар, шалғайдағы бекеттерді де қамтиды. Қазір елодадағы «Астана вокзалы» қазіргі заман талабына сәйкес қызмет етеді. Дегенмен, жолаушылардың талабы да күшейіп келеді. Халықтың мүддесінен шығу бүгінгі күннің басты міндеті. Астана мен қоса Шығыс Қазақстан мен Абай облысындағы темір жол вокзалдары да жөнделеді.

Пойыздағы жолаушы үшін сапар вокзалдан басталады. Сәні мен сапасына сай қызмет болғанда ғана жолда жүрген адамның көңілі жай болады. Темір жолдар тоғысқан «Астана вокзалы» осы саланың қақ төрі іспеттес. Өйткені, жыл он екі ай ағылған жұрттан босамайды. Тек балтыр 2 миллион адамға қызмет көрсетті. Жолаушыға қажетті қызметтің бәрі бар. Дегенмен, заман талабына сай жетілдіретін жерлері әлі де көп. Биыл осы олқылықтар жойылмақ. Вокзал ғимараты шаһардың келбетімен сәйкестендіріліп, іші де өзгертіледі.

Саят Мұқашев,Астана-1 вокзалының басшысы:

 Сымсыз Wi-Fi интертенпен қамтамсыз етуді көздеп отырмыз. Бұл жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жолаушыларға ұсынылатын қызмет түрлері сапасының жайлылық деңгейін арттырып ғана қоймай ыңғайлы жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, жолаушыларға қамқорлық көрсету біздің басты мақсатымыздың бірі.

Анықтама бюросы және ақпараттық-хабарландыру жүйесі жаңартылып, қызмет көрсету түрлері де көбейеді. Ал күту залдары қайта жобаланады. Тек Астана ғана емес,  шалғайдағы бекеттер де реттеледі. 

Шығыс Қазақстан мен Абай облысындағы теміржол станциялардағы 15 аялдама жаңғыртылады. Мәселен, салынғанына 87 жыл болған Өскемен-1 вокзалы да жөнделеді. Қауіпсіздік күшейіп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады. 

 Нұрлан Әзімханов, «ҚТЖ»ҰК АҚ «Семей магистралдық желі бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары:

Негізгі перрон мен қосалқы перрондар күрделі өзгерістен өтіп жатыр.  Қосымша перронға өту үшін  кокорсты переход жасалғалы жатыр. Жаңа қазіргі 21 ғасыр талабына сай нәрелердің бәрі өзгертіліп жатыр.

Кейбір бекетте «Ана мен бала» бөлмесі ашылып, кембағал жандарға бейімделген қызмет түрі артады. ҚТЖ ҰҚ ел бойынша бастаған жобаларын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Жалпы 2024 жылы елдегі вокзалдарда 40 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетілді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу