Нариман Қыпшақбаев: Көкарал бөгетін 2 метрге көтеру керек
Кіші Арал теңізінің су деңгейін арттыру үшін Көкарал бөгетін тағы екі метрге көтеру керек. Бұрынғы су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев су айдынын сақтап қалу жобасына қатысты өз ұсынысын білдірді.
Арал теңізін екіге бөліп тұрған 12 шақырымдық Көкарал бөгеті 2006 жылы салынған. Маңызды жобаның арқасында Кіші Арал суға толып, бастапқыда 27 миллиард текше метрге дейін су жиналды. Өлкеде балық шаруашылығы жанданып, 10-ға жуық балық өңдеу зауыты салынды. Бүгінде кешенді бағдарламаның екінші кезеңі талқыланып, жобаның бірнеше нұсқасы қаралып жатыр. Сала ардагері келешекте суға сұраныс арта түсетінін алға тартып, бөгетті нығайтуға күш салу керек деп отыр.
Нариман Қыпшақбаев, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Бүгінгі кезде Сырдарияға суға деген сұраныс 3 есе асып кетіп отыр. Бүгін халық 37 млрд орнына 100 млрд сұрап отыр. Күш 3 есе асып кетті. Әр шелек су есепте. Сонда Сырдарияның нағыз қымбыт суын толық пайдалануға мүмкіндік туады деген сөз. Ол үшін бөгетті нығайтып, екі метрге көтеру керек.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16