Семей іргесіндегі Приречный ауылында үйілген шемішке қауызы өртенген
Семей іргесіндегі Приречный ауылында үйілген шемішке қауызы өртенген. Таңертеңнен бері өрт сөндірушілер қозданған қалдықтарды сөндіре алмай әлек болып жатыр. Тіпті ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге тура келген.
Ержан Жақып, тілші:
Приречный ауылындағы өрт сол жердегі серіктестіктің аумағында тұтанған. Үйілген шемішке қауызы өткен жұмада жана бастаған. Екі күн бойы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сөндірген. Алайда бүгін қатты соққан желден қозданып жатқан қалдықтар қайта тұтанып кеткен. Салдарынан шаруашылықтың 4 бірдей қорасы жанып кеткен.
Ержан, сіз айтып тұрған шаруашылық ауылға қаншалықты жақын?
Ержан Жақып, тілші:
Шемішке қауызы өртеніп жатқан серіктестік Приречный ауылының дәл шетінде орналасқан. Сондықтан өрттен шыққан қою түтін ауылды басып кеткен. Тіпті, шеткері орналасқан бір үйдің шөп қорасы жанып, үйінің шатырына от тараған. Қою түтіннен демалу мүмкін емес, сондықтан 1 мыңнан астам адам тұратын елдімекендегі екі көшенің тұрғындары ауыл клубына эвакуацияланды. Өрт сөндіру үшін 30-дан астам техника, 100-ден астам адам жұмылдырылған. Тіпті төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы да тартылды. Қызыл жалынның таралуы тоқтаған. Бірақ өртенген аумақты толық сөндіру үшін жұмыс әлі жалғасып жатыр. Ауылдың кіре берісіне қауіпсіздік үшін блок-пост қойылған.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Салық төлеу ережелері өзгереді
22.10.2025, 20:40

Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
22.10.2025, 20:36
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.10.2025, 20:30
Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытында жаңа желі іске қосылды
22.10.2025, 20:29
Ауыл шаруашылығы техникасы арзандауы мүмкін
22.10.2025, 20:27
Сыртқы істер министрі Ресейге ресми сапармен барды
22.10.2025, 20:26
Республика күніне орай елордалық оқушылар «Атамекен» әнін шырқады
22.10.2025, 20:25
Маңғыстау облысында мереке қарсаңында маңызды екі нысан іске қосылды
22.10.2025, 20:24