Заң мен тәртіп жалпыға ортақ міндет екенін түсінетін уақыт жетті. Яғни, әр азамат кез келген заңға қайшы әрекетке төзбеушілік танытқанда ғана қоғам алға жылжиды. Ол үшін қазіргі қолданыстағы құқықтық нормативтік акт толық қамтамасыз етілген. Тек оның орындалуына әрбір тұлға немқұрайлы қарамауы тиіс. Сондықтан Шығыс Қазақстан облыстық көлік прокуратурасының қызметкерлері Өскемендегі жоғарғы оқу орындарының студенттеріне құқықтық сауаттылық туралы дәріс оқыды. Болашақ заңгер мамандардың қандай болу керек екенін түсіндірді. Ал құқық қорғау органдарында жұмысқа орналасқан соң да күнделікті білім қажет. Ең негізгісі студенттер заң мен тәртіпке қазірден дайын болуы тиіс.
Нұркелді Ермашов, ШҚО көлік прокуратурасының аға прокуроры:
Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру үшін бізге білімді, мықты студенттер өте көп қажет. Болашақ заңгерлер қажет. Оқып жүрген кезінде бұзушылық жасамау. Қажеттілік туралы түсіндіреміз. Өйткені егер бұзушылық жасап, есепке алынатын болса, жұмысқа кіру қинырақ болады. Мүмкін бомайды.
Олжас Керейхан
