Еліміздегі киноиндустрия бағытын дамыту үшін арнайы заң жобасы әзірленуі мүмкін
Брифинг өткізген Мәдениет министрлігінің өкілдері осындай жаңалықтарымен бөлісті. Мамандардың айтуынша, дамыған елдерде кино саласы кәдімгі кәсіп көзіне айналған. Тіпті, жаңа инвестицияларды, технологияларды тартуға, жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік. Еліміздегі 35-тен астам өндірістік ұйым жылына 250-ден астам кинотуынды мен жеке жобаларды жарыққа шығарады. Жалпы, кинопрокатқа шығатын 400-ге жуық туындының небәрі 6 пайызы отандық өнім. Жалпы, кино саласына бұдан өзге де ақсаң тұстар өте көп. Анимацияның өзі көптің көңілін көншітпейді. «Сондықтан да, жаңа заң мұндай олқылықтардың орнын толтырып, киноиндустриядағы кейбір күрделі мәселелерді реттеуі әбден мүмкін», - деп отыр министрлік мамандары.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
- Біріншіден, ұлттық киноны қолдау қорын және оның жанынан сараптамалық кеңесті құру қарастырылып отыр. Бұл ұйым кинопрокатқа бөлінген мемлекеттік қаржыны бөлу, көрсету, одан әрі дамыту негізінде операцияның функциясын орындайды. Келесі тұжырымдамалық қадам - салықтық жеңілдіктерді енгізу болып табылады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
