Калининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориал тақта ашылды
Калининградта Кеңес Одағының батыры Төлен Қабыловқа мемориал тақта ашылды. Алматы облысының тумасы Сталинград шайқасына, Дон, Қырым, Украина, Беларусь, Литваны азат етуге қатысқан. 45-жылы 10 сәуірде Калининград түбінде Қабылов басқарған бөлімше жау танкілеріне қарсы шайқасты. Осы ұрыста қазақ батыры жау танкісін өзімен бірге жарып жіберіп, ерлікпен қаза тапқан. Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған. Калининград қаласындагы көшелердің біріне Төлен Қабыловтың есімі берілген.
Тамара Калмыкова, Калининград облысындағы №14 орта мектептің директоры:
Әрине, біз Төлен Қабыловтың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, ұрпақтан ұрпаққа үлгі етеміз. Қазақ халқының ұлы, Кеңес одағының батырының қайсарлығын үнемі есте сақтап жүреміз. Жыл сайын Кёнигсберг шабуылы күнінде біз мектепте сынып сағаттарын өткіземіз. Біз оқушыларымызға жаудың бетін қайтарған қазақ ұлының ерлігі, тағдыры, марапаттары туралы ақпарат береміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шалғайдағы ауылда болашақ чемпиондар жаттығып жүр
04.08.2026, 10:13
Бокстан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімі шықты
04.08.2026, 10:08
Қытайда QR арқылы төлем жасауға болады
04.08.2026, 10:07
Моңғолияда жанармай сатуға шектеу қойылды
04.08.2026, 10:06
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 10:05
ШҚО-да қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті
04.08.2026, 10:05
Елімізде 160 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді
04.08.2026, 10:03
Үкімет отандық тауарларды қолдау шараларын пысықтап жатыр
04.08.2026, 10:02