Тарифтерді нарық талаптарына сәйкестендіру несімен пайдалы?
Тарифтерді нарық талаптарына сәйкестендіру арқылы коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттырып, өндірістік шығындарды жабуға болады. Тиісінше, қызмет көрсетудің сапасы артады дейді мамандар. Мәселен, Павлодар облысында жылу, кәріз және ауызсу желілерінің 70 пайызға жуығы тозған. Оларды жаңартып, жұмысты жаңғырту қажет.
Нұрлан Нұрмұратов, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің директоры:
Біріншіден, ол сатып алатын және таратылатын электр энергиясы құнының өсуі. Электр энергиясын біздер бекітпейміз. Энергетика министрлігі бекітеді. Және ол жыл сайын өзгеріп отырады. Екіншісі, қызметкерлердің әкімшілік және өндірістік қызметкерлердің жалақыларын статистика деңгейіне дейін өсіру. Ол заңмен орнатылған регламенттелген норма болғандықтан және үшіншісі бұл қосымша инвестицияларды тарту.
Павлодар өңірінде кәсіпорындар былтыр және биылғы жылдары қызмет көрсету құнын 56% бен 108% аралығында көтеруді ұсынған. Бірақ монополистер тарифті өз еркіне қарай өсіре алмайды. Заң бойынша тұрғындардың жағдайы назарға алынып, халыққа елеулі ауыртпалық түсірмеу басты орынға қойылады.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04