Елордада Михаил Антонюктің 90 жылдығына арналған көрме ашылды
Ол мозаика мен витраж жасау ісінде жетекші шеберлердің бірі болды. Көрнекті монументалды өнер иесі Михаил Антонюк туралы сала мамандары осылай дейді. Бүгін елордадағы Ұлттық музейде шығармашыл тұлғаның 90 жылдығына арналған көрме ашылды. Экспозицияда Антонюктің ұлттық нақыштағы, дала халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін мозаика, витраж және картиналары қойылған. Көрме 11 маусымға дейін ашық болады.
Саялбек Ғиззатов, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы:
Михаил Антонюк Украинада дүниеге келгенімен, саналы ғұмырын Қазақстанға арнаған. Қазақстанның мәдениетін, тарихын зерттеп, шығармаларын осы тақырыптарға арнап салған. Бұл көрмеге суретшінің жүзден астам картиналары, туындылары қойылып отыр. Елорда тұрғындары, қонақтары, сонымен қатар шетелдік туристер келіп, Михаил Антонюктің көрмесімен жақынырақ таныса алады.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29