1 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту бөлімшесі ашылды
Астанада 1 жасқа дейінгі балаларға арналған «Бөбек» оңалту бөлімшесі ашылды. Мұнда ақыл-есі кеш дамитын бүлдіршіндерді ерте жастан анықтап, диагноз қоюға мүмкіндік береді. Ерекше балалалардың қажеттілігі үшін бөлімшеде бассейн, ойын бөлмесі, арнайы жиектері бар төсек орындары, манеждер, ана мен балаға арналған бөлме бар. Сонымен қатар, Ұлттық оңалту орталығында оңалту скалодромы таныстырылды. Инклюзивті құзға өрмелеу құрылғысы баланың қимыл-қозғалысы реттейді, тепе-теңдікті қалпына келтіреді.
Ажар Ғиният, Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы:
Негізі баланың ағзасы, организмі ерте, әсіресе, бір жасқа дейін өте икемді келеді. Баланың миы да, барлық медициналық қандай да бір араласуларға, көмекке жақсы нәтиже береді. Сондықтан да балаларды ертерек оңалтса, мүмкіндігінше тез жазылып кетуіне, сонымен бірге мүгедектігін алдын алуға көмектеседі. Негізі баланың ағзасы, организмі ерте, әсіресе, бір жасқа дейін өте икемді келеді. Баланың миы да, барлық медициналық қандай да бір араласуларға, көмекке жақсы нәтиже береді. Сондықтан да балаларды ертерек оңалтса, мүмкіндігінше тез жазылып кетуіне, сонымен бірге мүгедектігін алдын алуға көмектеседі.
Александр Разинков, қалалық Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті:
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, скалодром қозғалыс координациясын дамытуға, бұлшық еттерді нығайтуға, сенімділікті арттыруға және денені сезінуді жақсартуға көмектеседі. Ол орталықтағы оңалту әдістерін толықтырып, балалардың дамуына жаңа мүмкіндік береді. Мұнда 3-4 жастан асқан балалар қатыса алады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы олимпиада алауы Грекиядан Италияға жеткізілді
05.12.2025, 13:22
Петропавлдық азамат ретро көлік коллекциясын жинайды
05.12.2025, 13:20
Балаева: Волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты
05.12.2025, 13:17
Павлодарда «Жасыл квиз» іс-шарасы өткізілді
05.12.2025, 13:15
«Жас Сарбаз» қозғалысының құрамы 286 мыңға жетті
05.12.2025, 13:09
Қазақстан контингенті Голан жоталарын минадан тазалауда
05.12.2025, 13:06
Астанада ұстаздар арасында алғаш рет Bridge hub өтті
05.12.2025, 13:03
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді
05.12.2025, 10:45