Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарына аттанады
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін бітімгерлерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Олар атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, блокпостарды күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою қызметін орындайды. Сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттер бітімгерлердің құзырында. Бітімгерлік контингенттің барлық әскери қызметшілері ерікті негізде қабылданды.
Жәнібек Нұрланов, Екінші ұлттық бітімгершілік контингентінің командирі:
Біз баратын контингенттің штаты 139 адам. Әскери қызметшілерді біз өз еріктерімен қабылдаймыз, одан кейін сала, мамандық бойынша бөліп дайындыққа кірісеміз. Қыркүйек айынан бастап, біз полигонға жеттік, резервімен бірге бүгінгі күнге дейін толықтай өттік.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17