Ыстанбұл қаласында АҚШ пен Ресей делегаттары арасында келіссөз өтті
Түркияның Ыстанбұл қаласында АҚШ пен Ресей делегаттары арасында келіссөз өтті. 6 сағатқа созылған жиында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру мәселесі талқыланған. Украинадағы соғысты тоқтату тақырыбы мүлдем қозғалған жоқ. Мұны Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей тарапы АҚШ-та тәркіленген дипломатиялық мүлікті тезірек қайтару қажеттігін айтқан. Қос мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған алғашқы келіссөз Сауд Арабиясында ақпанда өтті. Сол басқосуда тараптар Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселесін де талқылаған еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04