Ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар
Ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар, соның бірі - кадр тапшылығы. Диплом алған мамандар ауылға бара бермейді. Өйткені жастарға жағдай жасайтын шаруашылықтардың қаржылық жағдайы мәз емес. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің жиынында саладағы проблемалар көтерілді. Депутат Әли Бектаевтың айтуынша, мамандарды тарту үшін алдымен ұсақ шаруашылықтарды біріктіру керек. Яғни кооперация құру мәселені шешуге ықпал етеді деді. Жиында саланы дамыту жайы да көтерілді. Инновация мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу туралы айтылды.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ауыл шаруашылығы кооперациясының заңын жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік атқарушы органдар, заң шығарушы органдар бірлесе отырып, соны қамтамасыз етуіміз керек. Біз ол заңды шығардық, әрі қарай оның неге өз дәрежесінде дұрыс жұмыс істемей жатқанын осындай ғалымдармен, өндірушілермен біресіп, ақылдаса отырып шешуіміз керек. Ертең ауыл шаруашылығының кооперация болмай, ұсақ шаруашылықтардың басы біріге алмайды.
Асылбек Данияр
Автор
                            Асылбек Данияр
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                Дарынды жастар 2 мыңға жуық стартап жобаны іске асырып жатыр
                                    31.10.2025, 10:12
                                 
                                ШҚО-да алғаш рет дәстүрлі садақ атудан телетурнир өтті
                                    31.10.2025, 09:12
                                Шымкентте балаларға арналған заң бағытында танымдық мультфильм көрсетілді
                                    31.10.2025, 09:11
                                Астанада күн сайын 2000-ға дейін алаяқтық қоңыраулар тіркеледі
                                    31.10.2025, 09:11
                                Еуразиялық экономикалық комиссияда алғаш рет Қазақстанның жетістіктерін паш ететін көрме өтті
                                    31.10.2025, 09:10
                                Өзбекстанда Солтүстік Аралды толтыру және оны қалпына келтіру жұмыстары жалғасады
                                    31.10.2025, 09:10
                                Түркістан облысында көпқабатты үйде газ жарылды
                                    31.10.2025, 09:09
                                Ямайкада «Мелисса» дауылынан кейін тұрғындардың 70 пайызы жарықсыз отыр 
                                    31.10.2025, 09:09
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    