eGov мобильді қосымшасында «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды. Енді кез келген азамат қаңтарылып тұрған көлік иесіне жедел ескерту жібере алады.
Түсіндіретін болсақ, алдымен eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, басты бетке өтесіз. Содан кейін төбеде тұрған «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» батырмасына кіріп, өзіңізге қажетті қызметті таңдайсыз. Онда көлік жолды бөгеп тұр, шамдары жанып тұр, дөңгелегі жарылған, көлігіңізді соқтым, дабыл жүйесі іске қосылды, терезесі ашық деген нұсқалар бар. Қалаған нұсқаны басып, көліктің мемлекеттік нөмірін теріп жіберсеңіз жеткілікті. Көлік иесіне бірден SMS барады.
Айта кету керек, бұл қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалануға болады. Хабарлама жіберген азамат көлік иесі туралы ешқандай ақпарат ала алмайды, бәрі анонимді.
Нұрсұлтан Тілектес
