Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды

10.04.2025

Жеңістің 80 жылдығына орай республиканың түкпір-түкпірінде Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Жүздеген ерікті саябақ, аллея, соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткіш алаңқайларын қоқыстан арылтып, ретке келтірді. Шараны ұйымдастырған «AMANAT» партиясы өкілдерінің айтуынша сенбілік әлі де жалғасын табады.

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы апта сайын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізеді. Бүгін саяси ұйым мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері шаһарды тазалауға шықты. Алдын ала ластанған аумақтардың картасы әзірленді. 300-ден аса учаске анықталып, оған жауаптылардың жұмыс кестесі жасалды. Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді.

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында өткен акцияға 150-ден астам адам қатысты. Қоғам белсенділері Жеңіс саябағы мен 150 соғыс ардагері жерленген зиратты қоқыстан тазалады.

Қостанай облысында да «Таза бейсенбі» экоакциясы жалғасып жатыр. Игі шараны Қарабалық ауданының тұрғындары қолдады. Белсенді жастар жұмыла жұмыс істеп, 1,5 тонна қоқыс жинады. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу