Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

10.04.2025

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің 5 өңірінде, атап айтсақ Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді.

Ал қалған өңірлерде сәуірдің соңына дейін беріледі. Сондай-ақ тыл ардагерлері мен жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтарға 50 мың теңгеден қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің пленумында айтылды. Жиында Жеңіс күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Бүгінде арамыздағы соғыс ардагерлерінің жасы 100-ден асқан. Оларға Жеңістің 80 жылдық мерекесін көруге күш-қуат берсін. Қазіргі уақыттағы біздің қолдағы ақпарат бойынша елімізде 100-ден аз ғана асатын соғыс ардагері, 40 848 тыл ардагері бар екен.

Ұлттық құрылтай: Президент 54 тапсырма жүктеді

Кеңес отырысында Бурабайда өткен Құрылтайда көтерілген мәселелер мен Президент берген нақты тапсырмалар жайлы айтылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жиында Мемлекет басшысының құзырлы органдарға жүктеген 54 тапсырманың 21-і Мәдениет және ақпарат министрлігіне міндеттелгенін және олардың орындалып жатқанын жеткізді.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу