Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің әр өңірінде көрме өтеді
Жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің әр өңірінде көрме өтеді. Іс-шара бүгін Астанадағы Әскери-тарихи музейде бастау алды. Жиналғандар Ұлт қаһармандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті. Сондай-ақ жеңіс жолындағы жылдардың тауқыметі мен елдің бірлігі, батырлардың жанқиярлығы сөз болды. Көрмеде қан майданның қырандары мен сұрапыл соғыстың сәттері бейнеленген суреттер көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы, көрмеге жүзден астам бейнесурет пен тарихи жәдігерлер қойылған. Бұл бастама жас ұрпақ ата-баба есімдерін ұлықтау мақсатында қолға алынған.
Дәулет Қадыров, ҚР ҚК Ұлттық әскери патриоттық орталығы әскери-тарихи музейінің бастығы:
Көрменің негізгі мақсаты – жеңіске үлес қосқан, майдан алаңында ерлікпен шайқасқан аталарымыздың есімдерін ұлықтау, өнер арқылы жастарымызға әскери патриоттық тәрбие беру, музей ісін дамыту. Бұл көрме-музейіміз 1 айға жуық уақытқа қойылады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан – алып құрылыс алаңы
29.09.2026, 14:12
Елімізде 79 медициналық жоба іске асырылады
29.09.2026, 14:09
Өңір медицинасының мүмкіндігі артып келеді
29.09.2026, 13:59
Көкшетауда шетелдіктер де ем ала алатын аурухана салынып жатыр
29.09.2026, 13:57
Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады
29.09.2026, 13:53
Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді
29.09.2026, 13:49
Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған
29.09.2026, 13:43
Қызылордада қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған
29.09.2026, 13:41