Президент: Университеттер ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл бөлуі керек
Университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруы тиіс. Ғылым күні қарсаңында еліміздің жетекші ғалымдарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қазір жоғарғы оқу орындары ғылымнан гөрі маман даярлау ісіне басымдық береді. Білім мекемелері бұл екеуін қатар алып жүруі тиіс. Ғылым – стратегиялық маңызы бар сала. Соңғы жылдары бұл бағытқа бөлінетін қаржы 3,5 есе артып, жас зерттеушілерге қолдау күшейді. Қазір елімізде 25 мыңнан астам ғалым болса, олардың жартысы 40 жасқа толмаған мамандар. Жастарды ғылымға тарту жұмысын жалғастыра береміз, деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстанда зерттеу университеті деген мәртебеге лайық 10 оқу ордасы бар. Ғылымды дамыту үшін бұл жеткіліксіз. Осы жұмысты күшейтуіміз керек. Сондай-ақ ғылым елге нақты пайдасын тигізуі тиіс. Бұл бағытта біршама жетістігіміз бар. Қолданбалы зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдардың кірісі соңғы 5 жылда 40 миллиард теңгеден асты. Қазынаға 10 миллиард теңгеден астам салық түсті.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05