Джордж Вашингтон университетінде академик Ебіней Бөкетовтің ғылыми мұрасы таныстырылды
Джордж Вашингтон университетінде Академик Ебіней Бөкетовтің 100 жылдығы аясында арнайы ғылыми семинар өтіп, ғалымның ғылыми мұрасы таныстырылды. Ғалымның көзін көрген профессорлар баяндама жасап, металлургия, химия, тау кен өндірісіндегі еңбектеріне тоқталды. Көпшілік біле бермейтін аударма және әдебиет саласындағы жұмыстары да қазақ, ағылшын тілінде көпке паш етілді. Жиынға АҚШ-та қызмет етіп, білім алып жүрген Қарағанды Бөкетов университетінің түлектері де қатысты. Профессорлар Бөкетовтың еңбек жолы жастарға үлгі екенін атап өтті.
Ванэсса Пэрри, Д. Вашингтон университеті, Бизнес мектебінің деканы:
Біздің университетіміз үшін Бөкетовтің еңбегін елеп, онымен жақынырақ танысу - зор мәртебе. Оның өнертапқыштығы мен ғылымдағы жолы осы білім ордасының ұстанымына толық сай келеді. Ол кісі білімге терең көңіл бөліп, дамудың басты кепілдігі санаған. Біз де осы бағытта еңбек етіп келеміз.
Азамат Дүйсембаев, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры:
Жүзден астам патенттің иегері, оның ішінде Америка Құрама Штаттары, Канада, Германия сияқты мемлекеттерде бұл кісінің жаңалығы мойындалған. Ең негізгісі Жамбылда, Тараз қаласындағы фосфор зауытында, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Теміртау металлургиялық зауыттарында бұл кісінің жаңалығы енгізілген. Одан кейін бүкілодақтық көлемде, Ресейдегі өндіріс ошақтарында бұл кісінің ұсынған жаңалықтары нақты қолданыс тауып, өндіріске тиімділік әкелген.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04