Трамп әлем елдеріне жариялаған тарифтерін 90 күнге доғарды
АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің 75 еліне жариялаған тарифін 90 күнге доғарды. Трамптың мәлімдеуінше, бұл мемлекеттердің басшылары Вашингтонға хабарласып, кедендік салық туралы келіссөз жүргізуді ұсынған. Ал өзге елдермен келіссөздер жалғасып, олардан импортталатын өнімге тариф 10 пайыз деңгейінде үш ай сақталады. Сонымен қатар Трамп Қытай тауарларына тарифті 104 пайыздан 125 пайызға дейін көтерді.
Вашингтон мен Бейжің арасында сауда соғысы күшейіп барады. Қытай болса, сауда соғысында соңына дейін күресуге сөз беріп, барлық америкалық тауарларға тарифті 84 пайызға дейін өсірді. Бұл шешім бүгін күшіне енуі керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13