Мәжіліс қаржы нарығын дамытуды көздейтін заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс қаржы нарығын дамытуды көздейтін заң жобасын мақұлдады

09.04.2025

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметкерлерге несие мен микрозайм беруге тыйым салынады. Мәжіліс бүгін тиісті заң жобасын мақұлдады. Онда әлеуметтік осал топ өкілдері мен төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтардың несие қарызын өтеу мерзімін кемі 3 айға кейінге қалдыру көзделген. Сондай-ақ олар ай сайынғы төлемді 50 немесе одан да көп пайызға төмендете алады. Ал алғаш рет несие алмақ болған азамат қарызды онлайн емес, банк бөлімшесіне барып алуы міндеттеледі. Сондай-ақ Қазақстанда ашылған шетелдік банктер үшін де талап өзгерді. Енді қаржы ұйымдарында кемі 10 млрд АҚШ доллары көлемінде жиынтық активі болуы шарт. Бұған дейін ол 20 млрд АҚШ доллары болған. Шетелдік банктің филиалын ашуға рұқсат құжаттарының тізімі де қысқарады.

Ерлан Стамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында бірқатар норма енгізілді. Ол әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалана отырып жасалды. Атап айтқанда, алаяқтық белгілері бар транзакциялар анықталған жағдайда банк шотындағы шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту, ұялы байланыс арқылы шарт жасасу кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруді енгізуді сынды нормалар бар.

Айя Мүтәлі 

Хабарламаларға жазылу