Кеңгір су қоймасы 98 пайызға толды
Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасына соңғы екі аптада 60 млн текше метрден астам су келді. 319 млн текше метр суға арналып шақталған жасанды көл қазірдің өзінде 98 пайызға толды. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті суды сыртқа ағызып жатыр. Бұдан елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ, дейді құтқарушылар. Алайда тасқын қаупі жоғары 20-дан аса елдімекен бақылауға алынды. Облыстық Байқоңыр мен Қоскөлге баратын тасжолды су шайып, қатынас уақытша тоқтады. Бірақ бұл аймақтарға теміржол арқылы қатынауға болады. Мамандар дронның көмегімен су жолдарын күнделікті бақылауда.
Есен Байыров, облыстық ТЖД басшысы:
Былтырға қарағанда биыл қар көп түсті. Бірақ тоны қалың емес, 55-60 см шамасында. Қар жерге сіңуі жақсы, су аз келіп жатыр.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17