Жетісу облысында 23 кәсіпорын ашылды
Биыл Жетісу облысының құрылғанына - 3 жыл. Өз алдына дербес облыс болған аймақта аз уақытта 23 кәсіпорын іске қосылды. 759 жаңа жұмыс орны ашылды. Аумағында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» ХШЫО (Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы) жұмыс істейді. Экономикалық аймақта алдағы 5 жылда 52 жоба іске асырылмақ. Панфилов ауданында күн панельдері, тоқыма бұйымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жолға қойылған. Өндірілген өнім көлемі 81,6 млрд теңгеге жетті.
Марат Сағымбеков, Панфилов ауданының әкімі:
Бізде кәсіпкерлік нысаннан 682 нысан бар. Оның сыртында 5000-дай шаруа қожалықтары тіркелген. Былтырдан бастап «Ауыл Аманаты» бағдарламасы қолға алынды. Мысалы бір кәсіпкерге өз бағдарламасы бойынша 9 млн-дай ақша бөлінді. Қазір 10 млн-ға дейін жеткізіп жатыр. Бір жылға дейін демалыс. Одан соң 2,5 пайызбен төленеді. Біздің өзімізде былтыр 96 кәсіпкер соған өтінім білдірген болатын.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05