Некесін бұзғандарға салынатын баж салығы 10 есе өсуі мүмкін
Елімізде ажырасқандарға салынатын салық 10 есе өсуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл бастама мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілікті арттыруды көздейді. Жаңа Салық кодексінің жобасында некені бұзғаны үшін төленетін мемлекеттік баж салығын 1 966 теңгеден 19 660 теңгеге дейін көбейту ұсынылған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр 40 500 адам ажырасқан. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 300 адамға көп.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07
Мемлекеттік қызметшілер вайб-кодингті меңгере бастады
30.06.2026, 10:05
Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты
30.06.2026, 10:04
Анталияда орман өртенді
30.06.2026, 10:03
Венесуэлада жер сілкінісі құрбандарының саны 1700-ден асты
30.06.2026, 10:02
Әзербайжан мектептерінде телефон ұстауға тыйым салынды
30.06.2026, 10:02
АҚШ-та балалардың онлайн қауіпсіздігі туралы заң жобасы мақұлданды
30.06.2026, 10:00
БҚО-да алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды
30.06.2026, 09:59