Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Байқоңыр ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшырылу сәтіне куә болды. «Союз МС-27» ғарыш кемесімен «Роскосмос» пен NASA ұйымының астронавтары ұзақ мерзімді экспедицияға аттанды.
Зымыран сәтті ұшырылып, небары 9 минутта орбитаға көтерілді. Экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар. Сыр өңіріндегі форумға келген Ассамблея жастары мен Парламент Мәжілісінің депутаттары осы бір тарихи сәтті тамашалап, керемет әсерге бөленді. Сондай-ақ делегаттар Гагарин мұражайына барып, Қазақстан халқы Ассамблеясының туын табыстады. Жастар музейде адамзат баласының космосты игеру жолындағы құнды жәдігерлерімен танысып, мол мағлұмат алды.
Әділбек Серікұлы
