Павлодар облысындағы ауылдар 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Павлодар облысындағы ауылдар жыл соңына дейін 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Президенттің қабылдауында болған аймақ әкімі Асайын Байханов осылай деді. Жалпы, өңірде экономиканың барлық саласы бойынша өсім бар. Өңдеу өнеркәсібіне ерекше мән беріліп отыр. Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады. Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Облыс экономикасына рекордтық көлемде 1,1 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 38 пайыздан асты. Біз барлық әлеуметтік міндеттемені кезең-кезеңімен жүзеге асырудамыз. Өңірде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 40 әлеуметтік жаңа нысан ашылып, 83-і жаңғыртылды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22