Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады
Павлодар облысындағы ауылдар жыл соңына дейін 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Президенттің қабылдауында болған аймақ әкімі Асайын Байханов осылай деді. Жалпы, өңірде экономиканың барлық саласы бойынша өсім бар. Өңдеу өнеркәсібіне ерекше мән беріліп отыр. Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады. Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Облыс экономикасына рекордтық көлемде 1,1 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 38 пайыздан асты. Біз барлық әлеуметтік міндеттемені кезең-кезеңімен жүзеге асырудамыз. Өңірде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 40 әлеуметтік жаңа нысан ашылып, 83-і жаңғыртылды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05