Елімізде «Франкофония көктемі - 2025» фестивалі өтеді
Елімізде екі ай бойы Франкофония көктемі фестивалі өтеді. Қазақстан халқына француз тілінің және франкофон елдер мәдениеттерін таныстыру мақсатында сәуір және мамыр айларында бірнеше ел бірігіп, мәдени шара ұйымдастырмақ. Олардың қатарында Армения, Бельгия, Латвия, Румыния, Швейцария және Франция елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері бар. Іс-шараның бас серіктестері – Қазақстандағы Француз Альянстарының желісі және франкофон ассоциациялары.
Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Әлемде 321 млн адам француз тілінді сөйлейді. Осылайша бұл тіл қолданыс аясы бойынша бесінші орында тұр. Ол әлемнің 29 елінде ресми тіл мәртебесіне ие. Қазақстанда 11 мыңнан аса бала француз тілін оқып жүр. Астана мен Алматыда француз тілінде оқытатын мектеп ашу жоспарланып отыр. Жалпы Франкофония көктемі Қазақстанның 6 қаласында ұйымдастырылып, кең ауқымды, түрлі шараларды қамтып, сән-салтанатымен өтеді деп сенеміз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17