Жаяу жүргіншілер жолағы қауіпсіз аймақ емес. Бұған рұқсат етілген жермен келе жатқан балаларды көлік қағып кету оқиғасының көбеюі дәлел. Жолдан өтудің талаптары мен ережелері бар екені белгілі. Дегенмен әсіресе балаларға келесі ережені мұқият түсіндірген абзал, дейді мамандар. Жаяу жүргіншілер жолағына шықпас бұрын алдымен солға, одан кейін оңға қарап, жолдағы жағдайды бағамдаймыз. Одан соң көліктің тоқтағанына көз жеткіземіз. Мұндай кезде құлаққап, телефон пайдаланбаған дұрыс. Велосипед, самокат немесе басқа да ұсақ техникамен жолға шығуға болмайды. Бірінші қатардағы көлік тоқтады екен деп, жолдан жүгіріп өтпеген де дұрыс. Өйткені екінші қатарда келе жатқан көлік жүргізушісі сізді көрмей қалуы мүмкін. Ал жүк көлікгінің көру аймағы өте кішкентай. Дәл жанындағы адам «соқыр аймақта» қалып қоюы мүмкін. Сондықтан балалар жолдан тек ересек адамдармен бірге өткені дұрыс, дейді мамандар.
Оңғар Алпысбайұлы
