Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 154 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 154 жыл

07.04.2025

Биыл күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл. Жауырыны жерге тимеген палуанның көзі тірісінде тұтынған тұрмыстық заттары мен киім-кешегін ұрпақтары көздің қарашығындай сақтап келеді.

Палуанның өзі тұрған үйінің бір бөлмесі қазір мұражайға айналған. Жатқан кереуеті, ұстаған ошағы, арбасының кейбір бөлігіне дейін сақтаулы. Біразы Ордабасы ауданының орталық музейінде сақтаулы. Мұнда орден-медальдарынан бастап, киген киімдері, жалпы саны 200-ден астам жәдігер бар. II дүниежүзілік соғыс кезінде әскери ұшақ жасатуға ел ішінде өнер көрсетіп, қаржы жиып бергенінің өзі бір бөлек әңгіме дейді ауыл азаматтары. Сонымен қатар Темірлан ауылында күш атасының атына арнайы мәдени-спорттық кешен салынып жатыр. Онда музей, кітапхана, спорттық нысан мен қонақ үй болады. Спорттық кешен мамыр айында ашылады.

Құрманәлі Жылқыбай, ҚР Мәдениет саласының үздігі:

Қазақты бүкіл әлемге танытқан тұлға. Біздің палуанның жауырыны жерге тимеген. Қазақ баласының батыр атағы берілген жалғыз тұлға. Сондықтан бұл кісінің атындағы мұражайды біз заманауи үлгіде жасау - біздің еліміздің міндеті, парызы деп ойлаймын.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу