Елімізде Түркия трансплантация қорымен әріптестік артып келеді
Елімізде Түркия трансплантация қорымен әріптестік артып келеді. Қор төрағасы бастаған топ Түркиядан Астанаға арнайы келіп, тәжірибе алмасып жатыр. Жалпы, Түркияда ең көп трансплантация бүйрекке жасалады. Жылына 4 мыңға жуық операция. Оның 20 пайызы мәйіттік донордың ағзасы. Бұл елде мәйіттік донорды трансплантациялау бағытында технологияны дамытуға басымдық берілген. Түркиядағы ең белсенді коммерциялық емес трансплантология қоры донорлық мәдениетті насихаттаумен, мамандарды оқытумен және трансплантацияға жаңа стандарттарды енгізумен айналысады. Олар Африка, Балтық, Таяу Шығыс елдерімен де әріптестікті нығайтып келеді.
Эйюп Кахведжи, Түркия трансплантация қорының төрағасы:
Біз Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің шақыртуымен келдік. Тәжірибе алмасып жатырмыз. Мысалы, мәйіттік донордың ағзасы көп жағдайда жақсы болмауы мүмкін. Оны жақсартатын арнайы технология бар. Ол қалай жасалады? Не істеу керек? Сол бағытты үйретеміз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04