Биыл егіс науқанына рекордтық қаржы бөлінді
Биылғы егіс науқанына 700 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл рекордтық қаржы. Былтыр жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін болды. Алғаш рет көктемгі дала жұмыстарында қарыз сомасының 85 пайызына дейін кепілдендірудің арнайы бағдарламасы енгізілді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде айтты. Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында алға қойған міндетіне сәйкес, алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісін екі есе арттыру қажет. Жиында сол міндетті атқару барысы, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері, шаруаларды қолдау шаралары және басқа да тақырыптар талқыланды.
Рабиға Тоқсейітова, «Aitas-Kz» АҚ вице-президенті:
Президентіміздің қолдауы бойынша біз азық-түлік компаниясына трансформация жасағалы отырмыз. Қазіргі уақытта мемлекеттің қолдауымен инвест субсидиямызды алып жатырмыз. Үш түрлі субсиядияның арқасында біз өз өнімдерімізді, құс етін 5 жарым есе көбейттік.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17