Астанада кәсіби бокс кеші басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кәсіби бокс кеші басталды

05.04.2025

Дәл қазір Астанада кәсіпқой бокс кеші басталып жатыр. Бүгін әлем көз тіккен бокс болады. IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулердің иесі Жәнібек Әлімханұлы, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен шаршы алаңда кездеседі. Жекпе-жек өтетін алаңнан әріптесім Темірлан Нұржанұлы бізбен тікелей байланысқы шығып тұр. Темірлан, бокс басталды ма? Жалпы кәсіби бокс атмосферасы қалай? Сезіліп жатыр ма?

Иә, Шерхан! Дәл қазір мен «Барыс Арена» спорт кешенінде тұрмын. Мұндағы атмосфера бөлек. 12 мыңға жуық орын бар, барлығына билет сатылып кеткен. Жанкүйерлердің энергиясы сезіледі. Дәл осы жерде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге екеуі орта салмақта жұдырықтасады. Аренаға жанкүйерлер көптеп жиналып жатыр. Олардың бүгінгі жекпе-жекке болажмын, пікірін сұрап, білген едік. Бірге тыңдайық.

Айта кетейік, «Qazaq Style» атымен танылған Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша чемпиондығын қорғайды. Өзі де, қарсыласы да бұған дейін кәсіпқой мансабында жеңілмеген. Сондай-ақ, бүгін рингке тағы 5 жерлесіміз шығады. Атап өтсек, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Балауса Мұздиман, ағайынды Махмұд, Төрехан Сабырхандар жұдырықтасады. Ал шаршы алаңдағы сайысты Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Боксшыларға бірге жанкүйер болайық.

Темірлан Нұрсолтан


Хабарламаларға жазылу