Павлодарда украин қыздар домбыра шертуді үйреніп алған
Павлодарда украин қыздары қазақтың жанын ұғынамын деп домбыра үйренген.
Музыка тілі барша ұлтқа ортақ. Қазақ мәдениетінің бренді саналатын домбырада екі айдың ішінде екі күй үйрендік, дейді павлодарлық София және Вера Головчуктар. Тіпті олар 58 шекті украин ұлт аспабы бондураға қарағанда домбыраны тез үйрендік және бұл аспаптың үні де ғажап дейді. Өнерпаз қыздар бүгінгі күні Ертіс-Баян өңірінің атынан республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Олар 20-ға тарта күй тартады.
Вера Головчук, Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігінің мүшесі:
Домбыра арқылы таза дала симфониясын орындауға болады. Тұлпар тұяғының дүбірі, шөптің жайқалысы естіледі. Аспапты кері бұрып алып, қақпағын ұрғылау арқылы жануарлар дауысын да салуға болады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04