Президент Юн Сок Ёл қызметінен мүлде шеттетілді
Оңтүстік Корея Конституциялық соты президент Юн Сок Ёлге жарияланған импичментті күшінде қалдырып, енді ол бұл лауазымды мүлде атқармайды деп шешім шығарды. Жеті судьядан тұратын қазылар алқасының мәлімдеуінше, Юн былтыр желтоқсанда елде әскери жағдай жариялай отырып, Конституцияны және заң үстемдігі мен демократия қағидаттарын бұзған. Алайда Юнның адвокаттары президентке қатысты сот процесі «заңсыз әрі әділетсіз» өтті есептейді. Ел конституциясына сәйкес, Оңтүстік Кореяда мемлекет басшысы қызметінен аластатылған жағдайда жаңа президент сайлауы алдағы 60 күн ішінде өтуі керек. «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, Юн үмітін ақтай алмағаны үшін ел азаматтарынан кешірім сұраған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13