Президент сирек металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды
Президент Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінде сирек металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды. Бүгінде Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Жалпы екі тараптың сауда айналымы қарқынды дамып келеді. Президент энергетика, ІТ, жасанды интеллект, логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенімізді жеткізді. Жалпы қазір жаһан елдерінің Орталық Азияға қызығушылығы артып, әлемдік аренадағы беделі өсіп келеді. Сондықтан 5 ел бұл мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануымыз керек дейді сарапшылар.
Жанат Момынқұлов, саясаттанушы:
Орталық Азиядағы энергетикалық ресурстар, критикалық металдар, сирек кездесетін металдар қоры, сутек сияқты энергетикалық жаңа қуат көздері Орталық Азияға бүкіл әлем назарын аударып отыр. Осы жағдайда Қазақстан көшбасшы ел ретінде белсенді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05