Астанада мұғалімдер арасында жаңа форматтағы жарыс өтті
Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100 қазақ тілі-әдебиеті пәні мұғалімі мен 100 математика пәні мұғалімі келді. Олар жаңа форматтағы жарысқа қатысты. Бағыты екі бөлек пәннің мамандарын тоғыстырған жарыс білім және логикаға бағытталған. Республикалық мега жобаның атауы - «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» деп аталады. Ұстаздар бірнеше командаға бөлініп, бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Ұйымдастырушылар бұл жобаны алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізбекші. Ондағы мақсат - оқу және математикалық сауаттылықты дамытудың біртұтас моделін қалыптастыру, пәндер арасындағы синергияны нақты тәжірибе арқылы көрсету.
Қаныбек Жұмашев, ҚР оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы:
Бұл педагогтарға өзінің бойындағы ерекше инновациялық идеяларды, ойларды дамытуға да мүмкіндік береді. Тапсырмалардың қисынын келтіру немесе өзің құрастыру педагогтардың жақсы дағдыларын қалыптастырады деп есептейміз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17