Семейде сарбаздар арасында қазақ күресінен чемпионат өтті
Ұлттық ұлан жауынгерлері арасында қазақ күресінен чемпионат өтті. Жарыс тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналды. Қазақ күресі бойынша біріншілікке «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарынан 100-ге жуық сарбаз қатысты. Екі күнге созылған чемпионаттың нәтижесі бойынша бас жүлдеге 5573 әскери бөлімі иеленді. Жеңімпаздар Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан төсбелгілермен марапатталды. Сарбаздар белдесу кезінде спорттық шеберліктерін ғана емес, әскери рухын, төзімділігі мен ерік-жігерін байқатты.
Бауыржан Әбжанов, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары:
Бұл чемпионат екінші жыл қатарынан Семейде өтіп жатыр. Сарбаздардың бәрі жақсы дайындықпен келгенін көріп тұрмыз. Бұл чемпионат ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналып отыр.
Бекзат Алтынбаев, 5573 әскери бөлімінің қызметкері:
90 келі салмақта чемпион атандым. Жолдама алдым, енді Ұлттық ұланның намысын Динамо клубында қорғаймыз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09