ЕуроОдақ Трамптың тариф саясатына жауап беруге дайын
Вашингтонмен тариф саясатына қатысты келіссөз сәтсіз болса, ЕуроОдақ қарсы шаралар қабылдауға дайын. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса, ол АҚШ-тың бұған дейін болат пен алюминийге баж салығын енгізуіне қарсы шаралардың алғашқы легі дайындалып жатқанын айтты. Оған сай ЕуроОдақ америкалық тауарларға 28 миллиард доллар көлемінде тариф енгізбек.
Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:
Президент Трамптың Еуропалық Одақты қоса алғанда күллі әлемге әмбебап тарифтерді жариялауы әлем экономикасына ауыр соққы болды. Оның бұлай жасауы өкінішті. Ауыр салдары болары анық. Тұтынушылар да оны бірден сезінеді. Миллиондаған адам үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек қымбаттайды. Инфляция да жоғарылайды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне оқ атты
08.05.2026, 20:12
Сириядан оралған үш әйел қамауға алынды
08.05.2026, 20:11
Премьер-министр облыс активіне жаңа әкімді таныстырды
08.05.2026, 20:11
Конституциялық заңдар талқыланды
08.05.2026, 20:07
Саяси шешім қабылдау жүйесі түбегейлі өзгереді
08.05.2026, 20:05
Grand Slam: Қазақстан дзюдошылары 2 медаль жеңіп алды
08.05.2026, 20:03
Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турниріне барды
08.05.2026, 20:01