Astana Hub-қа тіркелген компаниялар мүшелік жарна төлемек
Енді Astana Hub-қа тіркелген компаниялар мүшелік жарна төлейді. Бүгін Мәжіліс Astana Hub пен Инновациялық технологиялар паркін біріктіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – екі технопарктің функцияларын бір жерде шоғырландырмақ. Сала министрі Жаслан Мәдиевтің сөзінше, Astana Hub орталығы өз-өзін ақтау үшін кемі 4-5 жыл керек. Орталық қазір республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы алып отыр. Сондай-ақ қазір Astana Hub-қа мүше заңды тұлғалар орталыққа тіркеліп, жұмыс істегені үшін кірісінің 1 пайызын ғана алым ретінде төлеп отыр. Енді осы алымның орнына мүшелік жарна тетігі енгізіледі, деді министр.
Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Қордың коммерциялық емес мәртебесіне сәйкес келу үшін және оны үлкен ашықтықпен қамтамасыз ету үшін «алымдар мен төлемдер» терминін «мүшелік жарналарға» ауыстыру ұсынылады. Осылайша салықты қалтадан қалтаға ауыстыру болмайды және инновациялық секторды қолдау үшін қосымша ресурстар пайда болады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04