Қарағандыда жатақханада өрт шығып, 10 адам ауруханаға түсті
Қарағанды қаласында жоғары оқу орнының жатақханасында өрт шығып, 10 адам ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы қалыпты. Қазір өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы бізбен тікелей байланыста. Жандос, өрт неден тұтанған?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Қайырлы күн, Ләйлә! Төтенша жағдайлар департаментінің айтуынша, өрт түннің бір уағында 9 қабатты ғимараттың бірінші қабаттағы қоқыс құбырында тұтанған. Бықсыған оттың түтіні ғимарат ішіне тарап үлгерген. Құтқарушылар дер кезінде келіп, отты ауыздықтаған. Сол мезетте жатақханада болған барлық адам эвакуацияланған. Иіс тиген 10 адам ауруханаға жатқызылды.
10 адамның бәрі студент пе?
10 науқастың 9–ы студент. Қазір алтауының жағдайы жақсарып келеді, ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз, дейді мамандар. Ал қалғандары тағы 2-3 күн дәрігерлер бақылауында болмақ. Бұған дейін әлеуметтік желіде кішкентай балалар да зардап шеккені айтылды. Бірақ Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса ата-анаға айыппұл салды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03
Өнеркәсіп саласына 183 мың маман қажет
08.09.2026, 13:00