Биыл алғашқы геологиялық кластер жұмысын бастайды
Биыл Жезқазғандағы геологиялық кластер жұмысын бастайды. Орталықтың құрылысы толық аяқталып, қазір айналасын көгалдандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұны Қазақмыс-барлау серіктестігінің бас директоры Ғалым Нұржанов айтты.
Еліміздің геология саласын дамыту мен мамандардың біліктілігін жетілдіру жолында бұл жобаның атқарар рөлі зор деді. Сондай-ақ саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары және өндірістік процестерді осы орталыққа шоғырландыру көзделіп отыр. Әрі бұл нысанда жас мамандарға арналған кампустар да бой көтереді. Осылайша жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау арқылы маман тапшылығы мәселесі шешілмек.
Ғалым Нұржанов, «Kazakhmys barlau» ЖШС бас директоры:
Жас мамандарға кампустар. Яғни, отбасы бар жас мамандарға да орын табылады. Сол жерде тұрып, геологиялық кластерде жұмыс істеп, ғылыми жұмыстармен айналысады. Тек қана бұл емес, оқу-әдістемелік орындар бар. Тек қана компанияда жұмыс істейтін адамдар үшін ғана емес, Colorado School Mines-пен жұмыс істейміз, солармен бірлесіп, басқа да мекемелердің жас мамандарын шақырып, сол жерде тәрбиелейміз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04