Премьер-министр жасанды интеллекетіні электронды үкімет платформасына белсенді енгізу жұмыстарын тапсырды. Қазақстанда цифрландыру барысы қалай жүріп жатыр? Бұл сұрақты ЖИ негізіндегі чат-боттың өзінен сұраған едік. Жауабын бірге тыңдайық.
Қазақстан жасанды интеллект және цифрландыру саласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы сияқты бастамалар арқылы дамып келеді. Ол электронды үкімет пен ақылды қалалар жобаларын қолдайды. Жасанды интеллект бірқатар салада қолданылып, университеттерде зерттеу жұмыстары қолға алынған. Алайда ЖИ қолданысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін естен шығармау керек. Себебі ЖИ жүйелері үлкен көлемдегі деректерді өңдеу кезінде түрлі олқылыққа тап болуы мүмкін. Ал оған жол бермеу үшін деректерді дұрыс өңдеу аса маңызды.
Темірлан Нұрсолтан
