Банк саласы мемқызметтерді одан ары оңтайландыруда
Салық төлеу және бизнесті «көлеңкеден» шығару. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осы екі маңызды міндетті атап өтіп, мемлекеттік қызметтерді дамыту мен цифрландыру ісін одан әрі жетілдіру қажет екенін айтты. Жиынға қатысқан – «Kaspi.kz» басқарма төрағасы және «Freedom Holding Corp» бас атқарушы директоры баяндама жасады. Олар мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін азаматтар мен бизнеске ыңғайлы ететін негізгі жобаларын ұсынды. Үкімет басшысы мемлекеттік қызметтерді онлайн ұсынып отырған банктердің оң нәтижесін атап өтіп, бірқатар тапсырма жүктеді. Сондай-ақ банк секторының цифрландыру, онлайн қызмет ұсыну бағытында жетістіктеріне оң баға берді.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Біз банктермен серіктестіктің оңтайлы нәтижесін көріп отырмыз. Банктік қосымшалар арқылы жүретін қарапайым әрі жылдам процестердің арқасында онлайн қызметтермен қамту деңгейі артып келеді. Сонымен қатар Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керек. Бірінші кезекте электрондық үкімет платформасында осыған басымдық берілуі тиіс.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04